Елімізде бір тәуліктің ішінде шамамен 18 науқас көз жұмады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус бойынша соңғы статистикалық мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бүгінде бізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 47 171 жағдайы тіркелген. Тәулігіне 1 452 (жаңа ауру). Өсім 3,2 пайызға жетті. Қайтыс болғандардың саны - 232 адам, бір тәуліктің ішінде шамамен 18 науқас көз жұмады», - деді Цой.
Министр Қазақстанда коронавирусқа екінші рет шалдығу жағдайлары тіркелмегенін айтты.