05.07.2020, 10:25
Оқиғалар
Павлодардан Алматыға ұшқалы тұрған ұшаққа найзағай түсті
Рейс төрт сағатқа кешікті
Фото: ашық дереккөзден
Әуежайда FlyArystan компаниясының ұшағына найзағай түсіп, Павлодар-Алматы рейсі төрт сағатқа кешікті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Болған оқиғадан соң бортқа техникалық тексеру жүргізілді. Лоукостердің PR-менеджері Ләззат Нәбиеваның айтуынша, ұшаққа зақым тиген жоқ.
«133 жолаушысы бар рейс 18.55-те ұшуы керек еді. Оның артынан Нұр-Сұлтаннан екінші борт жіберілді. Сонымен, ұшақ Павлодардан Алматыға 4 шілдеде сағат 23.20-да шықты. Жолаушыларға әуежайда күтіп отырғанда сусындар мен тамақ берілді», - деді Ләззат Нәбиева.
Көп оқылған
24.10.2026, 08:31
Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті
24.10.2026, 12:31
Астанада автобус жүргізушісіне тап берген азамат ұсталды (ВИДЕО)
24.10.2026, 14:42
Алматы облысында жеңіл көлік дүкен ішіне басып кірді (ВИДЕО)
24.10.2026, 06:24
Атыраудағы НЗМ мұғалімі оқушымен хат алмасқаны үшін жұмыстан шығарылды
24.10.2026, 11:02
Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған
24.10.2026, 07:31
24 қазанда Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды