Астанада күн күрт жылынып, сырғанақтар еріп жатыр

Автор: Бақыт Шынар

Әкімдік оларды уақытша жапты

Фото: Астана әкімдігі

Астанада күннің күрт жылынуына байланысты Есіл жағалауындағы мұз айдыны мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қар еріген соң, Есіл өзенінің жағасындағы мұз айдындары мен сырғанақтар Жаңа жыл мерекесінде жабық болады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Есілдегі мұздың қалыңдығы 22 см, кейбір жері 35-37 см.

«Осыған байланысты күн жылынған кезде өзеннің үстімен жүрмеген абзал», - деп ескертеді ТЖД.