Маңғыстауда жүк көлігі газ құбырына соғылып, 2,3 мың үй газсыз қалды

Автор: Алмас Ерсін

Мамандар апат салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр

Фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысының Жетібай ауылында жол апатынан кейін газ беру уақытша тоқтатылды. Апат елді мекеннің кіреберісінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жүк көлігі орташа қысымдағы газ құбырына соғылып, салдарынан газ желісі зақымданған. Осыған байланысты барлық әлеуметтік нысан мен шамамен 2300 тұрғын үй газдан уақытша ажыратылды.

Қазіргі уақытта мамандар апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға орнында қауіпсіздік шаралары күшейтілген, жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында.

Газбен қамтуды қалпына келтіру мерзімі нақтыланып жатыр.