Ақтөбеде зейнеткерлердің атынан заңсыз несие рәсімдеген банк қызметкері ұсталды

Автор: Темірхан Айжан

Ол 6 адамды алдап соққан 

Фото: Freepik

Ақтөбеде банк менеджері клиенттердің келісімінсіз несие рәсімдеп, олардың есепшоттарынан ақша шығарғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зейнеткерлер полицияға жүгініп, олардың атынан белгісіз адамдар несие рәсімдегенін хабарлаған. Тергеу барысында банк қызметкері несие төлемдерін жүргізу жұмысын сылтауратып, клиенттердің атынан қарыз рәсімдегені анықталды.

Қазіргі уақытта зардап шеккен 6 адам шағымданған, күдікті өз кінәсін мойындаған. Қазір оқиғаға қатысты алдын ала тергеу жұмыстары жүріп жатыр.