ШҚО-да алтын қазған екі жігіттің бостандығы үшін 10 мың доллар сұрағандар сотталды

Автор: Бақыт Шынар

Екі жігіт 54 млн теңге заңсыз ақша тапқан

Фото: скриншот

Қаржы мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы департаменті өзен арнасын заңсыз бұзып, алтын қазған екі азаматтың жазасын жеңілдетіп беремін деген азаматтарға қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот күдіктілерден ақша сұрағандардың әрқайсысын 2,4 жылға соттаған.

«2025 жылғы қыркүйек айында Самар ауданының «Кеңқарын» учаскесінде «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше басқа жаққа бұрып, алтын қазған екі жігіттің ісі тіркелген еді. Осы жағдайды пайдалана отырып, қылмыскерлер күдіктілердің бірін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын неғұрлым жеңіл түрге өзгертуге жәрдем көрсетеміз деген сылтаумен 10 000 АҚШ долларын беруге көндірген», - деп хабарлайды ҚМА.