Алдындардың жалпы құны 8,5 млн теңгеден асқан
Түркістан қаласының полициясы аса ірі көлемдегі ұрлық фактісін әшкере етті: бір үйде тұратын келін енесінің 8,5 млн теңге көлеміндегі алтындарын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция бұл фактіні «пәтер ұрлығы» деп бағалаған.
«Арыз түсе сала тәжірибелі жедел уәкіл арнайы топ құрып, қылмыстың бетін ашты. Ұрлыққа күдікті ретінде әйелдің келіні анықталды. Келін мамыр айынан бері үйден алтын мен ақша ұрлап жүрген. Жалпы ұрланған мүліктің сомасы 8,5 млн теңге болған. Күдікті ұрлаған алтындарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны түгелдей құмар ойындарға салған», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Қазір осы факт бойынша тергеу басталған.