Ақмола облысында көрші қариялардың атына 7 млн теңге несие алған әйел сотталып кетті

Автор: Бақыт Шынар

Ол әуел баста зейнеткерлерге жәрдемақы рәсімдеп беріп, көмек көрсеткен

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ақмола облысы Сандықтау ауданында көрші қариялардың атына несие рәсімдеп жүрген әйел 2 жыл 4 айға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құқық қорғау органдары оның әрекетін «алаяқтық» деп бағалаған. Себебі, әйел зейнеткерлердің сеніміне кіріп, оларға әртүрлі, құжаттарын, жәрдемақыларын рәсімдеуге көмектесіп жүрген. Олардың жеке деректерін толық жинап алған соң, білдірмей несие рәсімдеп жүрген.

«Істі қарау қорытындысы бойынша кінәлі тұлға «Алаяқтық» бабымен  сотталды. Сот оны 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды», - деп хабарлайды Ақмола прокуратурасы.

Жалпы, әйел зейнеткерлерді алдап, 7 млн теңге несие алған.