Алматыға шұғыл қонған ұшақтың бір жолаушысы көз жұмды

Автор: Бақыт Шынар

Алдын ала мәлімет бойынша, ол шетел азаматы

Фото: lufthansa.com

Мюнхеннен Бейжіңге қарай бет алған шетелдік Lufthansa компаниясының ұшағы Алматыға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі, борт ішінде бір әйел адам көз жұмған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның Көліктегі полиция департаменті хабарлағандай, борт ішінде бір әйелдің жағдайы күрт нашарлаған соң, ұшақ Алматы әуежайына қонған. Әуежайдың дәрігерлері мен оқиға орнына жеткен жедел-жәрдем әйел адам ұшақ қонбай тұрып көз жұмғанын мәлімдеген.

«Алдын ала болжам бойынша, әйелдің жүрегі тоқтап қалған. Марқұм шетел азаматы», - деп хабарлады көліктегі полиция департаменті.