Батыс Қазақстан облысында бес бала мен анасы газдан уланып, ауруханаға түсті

Автор: Бақыт Шынар

Қазір дәрігерлер олардың өмірі үшін апалысып жатыр

Фото: freepik.com

Батыс Қазақстан облысы Зашаған кентінде анасы мен бес баласы газдан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, анасы үлкендер ауруханасында, ал бес бала балалар ауруханасында жатыр.

Әкімдік бес баланың жасы 2-13 жас аралығында екенін хабарлаған. Алдын ала болжам бойынша, отбасы газ тартатын мекемемен ресми түрде келісімшартқа отырмаған.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі мен «QazaqGaz Aimaq» мамандары келіп, істен шыққан құрылғыны тексерген және газды өшірген.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, балалар орташа ауыр хәлде жатыр.