11 желтоқсан күні шартты мерзімге сотталған ол дәл сол күні жаңа қылмыстық істің фигуранты атанған
Оралда 21 жастағы жас жігітті ұзақ уақыт бойы бопсалап келген адамды полиция көлікте келе жатқан жерінен қолға түсіріп, қамады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, күдікті 21 жастағы жігітті жүйелі түрде бопсалап келген.
«Тергеу барысында анықталғандай, 24 жастағы жігіт өзінен кіші жігітті қорқытып, ақша бопсалап отырған. Одан қалды, оның атына несие алдырып, ақшаны өз қалтасына басып отырған. Жалпы, ол 21 жастағы жігіттен 4 млн теңге бопсалап алған», - деп хабарлайды полиция.
Сондай-ақ, дереккөзге сүйенсек, полиция оны көшенің қақ ортасында қолға түсірген күні жігіт басқа іс бойынша шартты түрде сотталғаны анықталған. Яғни, бір іс бойынша үкімі шыққан жігіт екінші қылмыстық істің фигурантына айналды.