Жөкей көлінен балық аулаған үш жігіт ұзақ жылдарға сотталып кетті

Автор: Бақыт Шынар

Олар түн ішінде көлге тор салып, 640 келі балық аулап алған

Фото: depositphotos.com

Ақмола облысындағы Жөкей көлінде заңсыз балық аулаған 3 ер адамның әрқайсысы 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, Жөкей көлі «Бурабай» ұлттық паркінің құрамына кіретін әрі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады.

Айта кетейік, бұл үш азаматқа қатысты іс 2024 жылдың қыркүйегінде тіркелген болатын.

«Үш азамат алдын ала сөз байласа отырып, қайыққа мініп келіп, түнде көлден  640 килограммнан астам балық аулап алған. Мемлекетке 9 млн теңге залал келген. Биыл 1 желтоқсанда сот 3 азаматты кінәлі деп танып, балық аулау кәсібімен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айырды және олардың әрқайсысын 4 жылға соттады», - деп хабарлайды прокуратура.