$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.07.2020, 16:23
Оқиғалар

Қазақстанда бір күнде 10 адам коронавирустан, 20 адам пневмониядан көз жұмды – Цой

Соңғы тәулікте ел бойынша 1247 адамнан пневмония анықталған

Қазақстанда бір күнде 10 адам коронавирустан, 20 адам пневмониядан көз жұмды – Цой
Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Қазақстанда 10 адам коронавирустан, 20 адам пнемвониядан көз жұмды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

Оның айтуынша, соңғы бір тәулікте 1247 адамнан пнемвония табылған. Олардың саны мен денсаулық жағдайына мониторинг жасалып, тиісті ем беріліп жатыр.

«Елімізде қайтыс болған адамдардың дәл неден қайтыс болғанын комиссия адам өлгеннен кейін 1-2 күн ішінде анықтайды. Яғни, адам қаза тапқаннан кейінгі келесі күні оның себебі нақты аталады. Қазір бұл статистиканы апта сайын қортындылап, таратуды жоспарлап отырмыз», - дейді Цой. 

Ол сондай-ақ, қазір ел бойынша симптомсыз ауырғандардың статистикасы негізгі статистикаға қосылатынын, бұл елдегі жағдай шын мәнінде қандай екенін бақылауға көмектесетінін айтты. 

«Соңғы тәулікте ел бойынша 10 адам коронавирустан, 20 адам пневмониядан қаза тапты», - деді соңғы статистиканы жариялаған Денсаулық сақтау министрі.

Серіктес жаңалықтары