Бразилияда ұшқалы жатқан жолаушылар ұшағы өртенді (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Ұшақта шамамен 180 адам болған

Фото: видеодан скриншот

Бразилияның Гуарульюс қаласында ұшып-қону жолағында жолаушылар мінген ұшақ өртке оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала мәлімет бойынша, LATAM Brasil әуе компаниясына тиесілі Airbus A320 бортында шамамен 180 адам болған. Куәгерлердің айтуынша, әуелі салонды қою түтін басып, кейін иллюминатордан жалын көріне бастаған. Экипаж жолаушыларды шұғыл эвакуациялады.

Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.