150 шаршы метр аумақ өртенген
Атырау қаласының орталығында техникалық қызмет көрсету станциясы жанып кетті деп хабарлайды Polisia.kz.
«1 шілдеде сағат 21:21-де диспетчерлік қызмет пультіне Атырау мөлтек ауданында жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын КЖО жанып жатқаны туралы шақырту түсті. Атырау облысы ТЖД “ӨС және АҚЖҚ” ММ 17 қызметкері мен бес техникасының күшімен жергілікті уақыт бойынша сағат 22:56-да өрт толығымен сөндірілді», - делінген аталған хабарламада.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі және шығыны анықталып жатыр.