Олар той-думан кезінде сигнал беретін тапанша ұстаған
Талдықорған қаласының полициясы сигнал беретін тапанша ұстаған бір топ жасөспірімді полиция бөлімшесіне жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Полицияның мәліметіне сүйенсек, бес-алты жігіт 26 қараша күні түнде достарын туған күнімен құттықтаған.
«Полицияға хабарласқан адам кәмелетке толмаған жасөспірімнің сигналды тапанша пайдаланғаны туралы ақпарат берді. Хабарлама тіркелген соң, Жетісу облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен қалалық полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, жасөспірімдерді анықтап, оларды полиция басқармасына жеткізді», - деп хабарлайды дереккөз.
Тексеру барысында табылған тапанша тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Соның қорытындысына сай балалар тиісті бап бойынша жазаланады.
Сондай-ақ полиция осы балалардың жетеуі әлі кәмелет жасына толмаған оқушылар екенін анықтап, ата-аналарына қатысты хаттама жазған.