Қазақстанның үш ірі мегаполисінде қоқыс өртейтін зауыт салынады

Автор: Нұргүл Абай

Үш жоба да шетелдік инвестиция есебінен жүзеге асады

Фото: istockphoto.com

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 293 миллиард теңгеге 3 қоқыс өртейін зауыт салынады. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Астана, Алматы және Шымкент қалаларында толықтай шетелдік инвестициялар есебінен 3 қоқыс өртейтін зауыт салу жоспарланып отыр. Биыл инвесторлармен тиісті келісімдерге қол қойдық. Инвестициялардың жалпы көлемі – 293 миллиард теңге», - деді Әлиев Үкімет отырысында.

Зауыт құрылысы екі жылға созылады.

Тегтер: