ШұғылCOVID-19: елімізде тағы 1060 адамнан коронавирус анықталды

Болашақта болжап болмайтын физикалық жұмыстардың 80%-ын робот істейді – Асқар Мамин

Сондықтан Қазақстанның Премьер-министрі 2025 жылға қарай елдегі азаматтардың технологиялар туралы білімін 87%-ға жеткізуді тапсырды

Бүгін Үкімет отырысында қазақстандықтардың IT білімін арттыру, елде цифрлы білім беруді дамытудың жаңа бағдарламасын іске қосу және электронды қызметтерді дамыту туралы мәселелер қаралды.

Елдегі IT білімді дамыту туралы есеп берген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, енді колледждер мен униерситеттерге IT дайындық жөніндегі пәнаралық сабақ кіреді. Аймағамбетовтің айтуынша, жаңа білім беру бағдарламасы басталып та кеткен және жыл сайын 400  мың студент цифрлық білім алып шығады.

«Осылайша, 2030 жылға қарай, оқу орындары жаңа форматта білім алған 3 миллионнан астам студентті даярлап шығады», - дейді Аймағамбетов.

Оның баяндамасын тыңдаған Үкімет басшысы Асқар Мамин тек жастардың ғана емес, жалпы қазақстандықтардың цифрлы білімін арттыру керек деп тапсырма берді. Халықаралық сарапшылардың болжамын мысалға келтірген Премьер егер болашақта жұмыстардың 80% роботтар атқаратын болса, қазақстандықтар бәсекеге қабілетті болуы керек дейді.

«Халықаралық сарапшылардың болжамында, болжап болмайтын физикалық міндеттерді атқарып отырған адамдардың 80%-ын, мәліметтерді өңдеу саласында жұмыс істейтін жұмысшылардың 70%-ын роботтар алмастыруы мүмкін.  Сондықтан, IT біліктілігі бар кадрларды даярлаудан басқа, жұмысшы адамдардың цифрландырудағы дағдыларын, жалпы, цифрлы білімін арттыру керек. Қазақстандықтардың барлығы технологиялармен жұмыс істеп, электронды қызметтерді білуі керек», - дейді Асқар Мамин.

 Сондықтан, Үкімет басшысы «Цифрлы білім» бағдарламасын сәтті орындап, 2025 жылға қарай, қазақстандықтардың IT білімін 90%-ға жуықтатуды тапсырды.

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат