$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.06.2020, 17:37
Үкімет

Президент «жала жабу» бабын ізгілендіретін құжатқа қол қойды

Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр

Президент «жала жабу» бабын ізгілендіретін құжатқа қол қойды
Сурет Ақорда сайтынан алынды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Құжаттың толық мәтіні баспасөзде жарияланады. Ал, қылмыстық заңнаманы жетілдіруге қатысты өзгерістер туралы ойын айтқан Президент кеңесшісі Ерлан Карин бұл құжат саяси реформа аясындағы маңызды құжат дейді.

«Осы заң бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі 130-бап -  «Жала жабу» Әкімшілік кодекске өтті. Президент бұл бапты декриминизациялау туралы тапсырманы былтыр желтоқсанда өткен Ұлттық кеңестің екінші отырысында берген болатын. Осы заңмен Қылмыстық кодекстің 174-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді», - дейді Ерлан Карин.

Серіктес жаңалықтары