Премьер-министр БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.
Министрлер кабинетінің төрағасы өз құттықтауында журналистерге алғыс айтып, олардың еңбегі ел үшін аса маңызды екенін атап өтті.
«Сіздер, журналистер күнделікті еңбектеріңізбен елімізде және шетелде болып жатқан оқиғалар туралы халықты және билік органдарын ақпараттандырасыздар, қоғамдық пікір мен адамгершілік құндылықтарын қалыптастырасыздар. Қоғамдық бақылау функциясын орындай отырып, биліктің барлық тармағының жұмысын жетілдіру мен оның тиімділігін арттыруға ықпал етесіздер», - делінген Асқар Маминнің құттықтауында.
Премьер-министр атап өткендей, қазақ журналистері елдегі ахуал туралы жұртшылыққа уақытылы әрі шынайы ақпарат жеткізе отырып, коронавирус пандемиясымен күрестің алдыңғы шебінде жүрген адамдардің бірі болып отыр.
«Сіздердің адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Қазақстандық БАҚ-тың барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, табыс пен амандық тілеймін», - деген сөз соңында Мамин.