Сонымен қатар бір айы бойы «БЕРЕКЕ-FEST» акциясы өтеді
Тауар өндірушілер, сауда желілері мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бір-бірімен тікелей делдалдарсыз байланысатын агромаркетплейс осы жылдың соңына дейін іске қосылады. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бақылау шаралары аясында және делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы барысында тиімсіз делдалдар анықталып, жойылып жатыр. «Қазақтелекоммен» бірлесіп, өндірушілерді, сауда желілерін және ӘКК-ні тікелей байланыстыратын, делдалдарды алып тастайтын агромаркетплейсті іске қосуды қарастырып жатырмыз. Іске қосу жыл соңына дейін жоспарланған», - деді Шаққалиев Үкімет отырысында.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, азық-түлікті нарықтағы бағадан арзанға сатып алуға мүмкіндік беретін «БЕРЕКЕ-FEST» акциясы басталады.
«Ішкі және электрондық сауда субъектілерімен бірлесіп, тауар өндірушілермен тікелей келісімшарт жасау арқылы 1 ай мерзімге «БЕРЕКЕ-FEST» акциясын іске қосуды жоспарлап жатырмыз», - деді ведомство басшысы.