Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құрметті еліміздің медицина қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Дәрігердің қоғам мен ел алдындағы еңбегін қанша асыра бағаласақ та артық болмайды. Сіздер — азаматтардың денсаулығын сақтап, дертіне шипа, жанына жылу сыйлаған ардақты мамандық иесісіздер. Адам өміріне араша түсіп, дені сау сапалы ұлт қалыптастыруға, сол арқылы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға үлес қосып келесіздер. Қазіргідей күрделі кезеңдегі ауыртпалыққа төтеп беріп, коронавирус пандемиясына қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүрген сіздерден халқымыз күнделікті жанкешті еңбектің, кәсіби борышқа деген адалдықтың үлгісін көріп отыр», - деді Асқар Мамин.
Ол медицина қызметкерлеріне ерен еңбектері үшін алғыс білдіріп, оларға зор денсаулық, толайым табыс және амандық тіледі.