«Кінәлілер жауапқа тартылады»: Олжас Бектенов әкімдерге ескерту жасады
Бірнеше облыста жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған

Премьер-министр Олжас Бектенов әзірлік паспортын алмай жылу беру маусымын кеткен өңірлерде кінәлі тұлғалар жауапқа тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкімет басшысы солтүстік аймақтарда жылу беру маусымына бір айдан аз уақыт қалғанын еске салды. Алайда, оның айтуынша, бірқатар өңірде жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталмай қалу қаупі бар.
«Жаңа ғана әкімдердің баяндамаларын тыңдадық. Жұмысты барынша желдету керек. Оған қоса, Ақмола облысында Степногорск жылу электр орталығында резервтік қазандықты жөндеу әлі аяқталған жоқ. Маңғыстау облысында 2-ші жылу электр орталығында екі турбинаны жөндеу мерзімі ауыстырылды. Сондай-ақ Ақтау қаласында жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының қарқыны төмен. Мұндай мәселелер әр өңірде бар. Мұндай жағдайлар әкімдер тарапынан жоспарлаудың нашар болуы мен қатаң бақылаудың жоқ екенін көрсетеді. Кейбір облыстарда қысқа дайындық бойынша Өңірлік штабтардың жұмыстары мардымсыз болып отыр», - дейді Бектенов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, биыл мамыр айындаа жабдықтарды жөндеу мерзімін негізсіз ауыстыруға жол бермеу тапсырылған. Алайда «KEGOC» компаниясы энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстарының мерзімін ұзартуға рұқсат беруді әлі жалғастырып келеді.
«Бұл орындаушылық тәртіптің төмендігін және тиісті бақылаудың жоқ екенін көрсетеді. Мерзімдерді бұзу немесе оларды негізсіз ауыстырудың әрбір фактісі бойынша Энергетика министрлігі қатаң шаралар қабылдауы қажет», - деп тапсырды премьер.
Қазір энергетикалық кәсіпорындарға әзірлік паспорттарын беру жұмыстары басталып кетті.
«Осы ретте, энергия кәсіпорындарының жылу беру маусымына әзірлігін бағалау комиссиясының жұмысына әкімдер тікелей өздері қатысуы тиіс. Нысандар қысқа әзірлік паспорттарсыз, жұмысты бастамау керек. Риддер, Кентау, Екібастұз және Ақтау қалаларының энергия көздерін ерекше бақылауға алу қажет. Әзірлік паспорты болмай жылыту маусымы басталатын болса, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады», - деп мәлімдеді Бектенов.
Сондай-ақ үкімет басшысы жылу беру маусымын өткізу жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын қайта жаңғыртуды тапсырды. Жылу беру маусымын ауа райына қарай қатаң белгіленген мерзімде бастап кету керек деді премьер-министр.