Премьер-министрдің орынбасары бұл туралы өзі хабарлады
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов та коронавирус жұқтырып алған. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Өзімді инфекциядан қорғауға тырысқаныммен, нәтиже болмады. Менен коронавирустық инфекцияның симптомсыз түрі анықталды. Тезірек сауығып, жұмысқа кірісу үшін дәрігерлердің барлық нұсқауларын орындаймын. Мен азаматтардан қауіпсіздік шараларын – маска киюді, антисептикті қолдануды, қолды үнемі жуып, гигиена ережелерін сақтауды сұраймын. Барлығына денсаулық тілеймін!», - деп жазды ол.