Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы өтеді – Нығматулин

Автор: Azattyq Rýhy

Кеңейтілген жиын 22 маусымда өтеді

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-парақшасында жазған.

Кеңейтілген жиында Парламент депутаттары Үкімет пен Есеп комитетінің өткен жылға есебін тыңдайды деп жоспарлануда.

«2020 жылы 22 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойдым. Үкіметтің және Есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалатын болады», - делінген Н.Нығматулиннің жазбасында.