Апатты жағдайда қонған тікұшақта Біртанов болған жоқ – ресми

Автор: Azattyq Rýhy

Премьер-министрдің баспасөз қызметі Жамбыл облысы аумағында болған жағдайға орай жауап берді 

12 маусымда Премьер-Министр Асқар Мамин бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты. Премьер-министрдің баспасөз қызметіның хабарлауынша, Премьер-Министрмен бірге Жамбыл облысының әкімі, сондай-ақ бірқатар министрлік басшылары болды.

Оқи отырыңыз: Елжан Біртанов коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

«Өңірге жұмыс сапары барысында делегация Қордай ‒ Тараз бағыты бойынша «Қазавиақұтқару» АҚ тиесілі №UP-MI705 тіркелген Ми-171 тікұшағымен ұшты.

Алдын ала деректер бойынша, тікұшақтың негізгі гидрожүйесінің істен шығуына байланысты оны Тараз қаласынан шамамен 180 шақырым қашықтықтағы Тасөткел кенті аумағында, әуеайлағынан тыс алаңға мәжбүрлі түрде қондырды»,- делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз:Асқар Мамин коронавирусқа тест тапсырды

Баспасөз қызметі авиациялық оқиғаның салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ, әуе кемесіне зақым келмеген хабарлайды.

«Айта кеткен жөн, тікұшақ бортында ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов болған жоқ. ҚР Үкіметінің басшысы өзінің жұмыс кестесіне сәйкес әрі қарай резервтік тікұшақпен ұшты»,  деліген ресми хабарламада.

Оқи отырыңыз: Мамин мен Сапарбаев мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды. Арнайы комиссия құрылады

Еске салсақ, бүгін түске дейін Үкімет басшысы мінген тікұшақтан ақау шыққаны хабарланған болатын.