Асқар Мамин коронавирусқа тест тапсырды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол коронавирус жұқтырған Елжан Біртановпен кездескен

Фото: facebook.com

Премьер-Министр Асқар Мамин Жамбыл облысына барған сапарында коронавирус індетін жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен кездескен. Бұл туралы  Facebook-тегі парақшасында Премьер-министрдің баспасөз хатшысы Зарина Нұрланова жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты, онда Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов та болды. Е.Біртановтан COVID-19-ға алынған анализ бойынша вирустың анықталуына байланысты, ҚР Премьер-министрі тест тапсырды, оның нәтижесі — теріс. Айта кеткен жөн, жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі респираторлық маска киіп жүрді. Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда, дегенмен бейнеконференция байланысы режимінде кестеге сәйкес жұмыс істеуді жалғастырады», - деп жазды Зарина Нұрланова. 

Естеріңізге сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқанын хабарлады.