$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңа көлік министрі Үкіметте ант берді

Ол көлік министрі қызметіне тағайындалған болатын

Жаңа көлік министрі Үкіметте ант берді
Фото: Ақорда

Үкіметтің кезекті отырысында жаңа көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін», - деді Сауранбаев.

Премьер-министр Олжас Бектенов көлік министрлігінің жаңа басшысына сәттілік тіледі.

Естеріңізге салайық, кеше мемлекет басшысының жарлығымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Марат Қарабаев атқарған.

Серіктес жаңалықтары