$ 519.29  613.28  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Самұрық-Қазына» атқарып жатқан жобалар туралы есеп берді

Биыл жылдың алғашқы төрт айында 46 инвестициялық жоба бойынша 98% қаражаттың игерілген

«Самұрық-Қазына» атқарып жатқан жобалар туралы есеп берді
Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Мемлекет басшысының экономиканың басым салаларына ірі инвестициялық жобаларды енгізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы талқыланды. Қор басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың баяндамасында Қордың негізгі қаржылық және өндірістік көрсеткіштері, сондай-ақ сатып алу процесін жетілдіру бағытындағы жұмыстар айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ірі инвестициялық жобалар және жаңа нысандар

Қор басшысы мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, көлік-логистика, тау-кен және басқа да салаларда іске асырылып жатқан 46 инвестициялық жоба туралы мәлімет берді. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында бұл жобалар бойынша қаражаттың игерілуі 98%-ға жетті. 2023 жылы жалпы құны 355 миллиард теңге болатын бес ірі жоба пайдалануға берілді.

Ақтау портындағы контейнерлік хаб: Теміржол құрамдарын қабылдап, жүктерді өңдеу және оларды теңіз арқылы жөнелтуге арналған. Бұл хаб Каспий теңізіндегі ең ірі жүк тасымалдау орталығына айналып, Қазақстанның халықаралық саудадағы ықпалын күшейтеді.

Zhetysu халықаралық логистикалық терминалы: Жобалық қуаты жылына 115 мың контейнерге тең. Сиань портымен (Қытай) бірлесіп іске асырылған жоба Қазақстанның Қытай және Еуропа елдерімен көлік байланысын нығайтады.

CASPI BITUM зауыты: Жаңғырту жұмыстары зауыттың қуаттылығын 50%-ға арттырып, жылына 750 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік берді.

Алматыдағы инфекциялық аурулар ғылыми орталығы: 350 төсек-орынға арналған жоғары технологиялық орталық салынды.

Кендірлі су тұщыту зауыты: Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, іске қосу және жабдықтарды баптау жүргізілуде.

Газ құбырлары және инфрақұрылым

«Талдықорған – Үшарал» газ құбыры: Ұзындығы 302,4 км болатын магистральды желінің құрылысы мерзімінен бұрын аяқталды.

«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбыры: Екінші желіні өндіруге арналған газ бөлу кешені бойынша ерте құрылыс жұмыстары басталды.

Үкімет тапсырмалары

Отырыс соңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығы мен жауапты министрліктерге инвестициялық жобаларды уақытылы жүзеге асыруды және отандық тауар өндірушілерді қолдау механизмдерін жетілдіруді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары