Қазақстанда қытай автокөліктері қашан шығарыла бастайды

Автор: Нұргүл Абай

Зауыт жақын арада іске қосылмақ

Фото: freepik.com

Биыл елімізде қытай автокөліктерін құрастырумен айналысатын екі зауыт ашылады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зауыттардың бірінде Chery, Haval және Changan маркалы автокөліктер шығарылады.

«Зауыт жақын арада іске қосылады. Зауыттың өндірістік қуаты 100 мыңнан аса автокөлікті құрайды. Сол жерде қытайлық брендтердің автокөліктері шығарылады, компоненттердің локализациясы да қарастырылған», - деді Сапарбеков Үкімет үйінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, әрбір өндіруші өзіне міндеттеме алған. Дәлірек айтқанда, технологиялық операциялар мен қосалқы бөлшектердің локализациясы көзделген. Пластик детальдар, орындықтар мен мультимедиялық жүйелерді өндіру жоспарланып отыр.