Әзербайжан елінде коронавирус жұқтырғандар саны – 7553
ҚР Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі 1 шілдеден кейін қаралатынын хабарлады.
«Әзербайжан тарапы халықаралық рейстерге тыйым салуды 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартты. Осыған байланысты Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тікелей әуе рейстерінің жандануы аталған күннен кейін қарастырылатын болады», - делінген.
Соңғы ақпарат бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 12 859-ға, ал Әзербайжан елінде бұл көрсеткіш 7553-ке жетті