Алдағы екі жылда екі зауыт ашылмақ
Қазақстанда 2028 жылға қарай күкірт қышқылы тапшылығы проблемасы болмайды. Өнеркәсіп және қүрылыс министрлігі екі зауытты іске қосып, ішкі сұранысты толығымен қанағаттандырмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов елімізде бірнеше жыл бойы күкірт қышқылы бойынша тапшылық барын айтып, министрден осы мәселе қалай шешілетінін сұрады.
«Біздің жоспар бойынша алдағы екі жылда екі зауыт – ЕуроХимҚаратау және Тайқоңыр қышқыл зауыты іске қосылады. Соның нәтижесінде 1,6 млн тонна күкірт қышқылы өндіріле бастайды. Яғни 2028 жылға дейін Қазақстанның ішкі сұранысы толық жабылады», - деп сендірді өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.