Салық төлеушілерге белгілі бір шек қойылады
Премьер-министрінің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бүүгін Ақордада журналистердің сұрағына жауап бере отырып, сән-салтанат салығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алдымен «люкс» түсінігіне дұрыс анықтама берейік. Егер қазіргі таңда салық салынғалы жатқан дүниелерге қарасақ, бұл да сол қымбат, яғни сән-салтанаттың өзі емес пе?», - дейді Серік Жұманғарин.
Министрдің айтуынша, қазіргі қарастырылып отырған салықтар қымбат мүлік пен тауарларға бағытталған. Ол бірнеше мысал келтірді.
Вице-премьер сән-салтанаттың нақты анықтамасы болмаса, салық салуда әділетсіздік орын алуы мүмкін екенін атап өтті.
«Егер ертең не нәрсе сән-салтанатқа жатып, не жатпайтыны анық болмаса – кейбір адамдар зардап шегуі мүмкін. Мұнда «кінәлі» немесе «кінәсіз» деген жоқ, бірақ салықты тиісті адамға емес, басқаға салып қоюымыз мүмкін», – деді Жұманғарин Ақордада.