Қоғамдық көлік жаңарады: екі жылда 900 жаңа автобус сатып алынбақ

Автор: Нұргүл Абай

800-ден астам арнайы техника жеткізіледі

Фото: istockphoto.com

Алдағы екі жыл ішінде елімізге 900-ге жуық жаңа қоғамдық көлік жеткізіледі. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы қоғамдық көлік пен арнайы техниканы жаңарту үшін лизингке шамамен 109 миллиард теңге қажет.

«Нәтижесінде, алдағы екі жылда 900-ге жуық жаңа автобус, сондай-ақ шұғыл және коммуналдық қызметтерге арналған 800-ден астам арнайы техника жеткізілетін болады. Жоғарыда аталған бағдарламаларды қаржыландыру үшін тиісті құжаттамалар дайын», - деді ол Үкімет отырысында.