$ 499.74  525.23  5.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бәйтерек» холдингінің капиталы 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады

Инвестиция жаңа жобаларға бағытталмақ

«Бәйтерек» холдингінің капиталы 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады
Фото: istockphoto.com

Биыл Үкімет «Бәйтерек» холдингінің капиталын 1 трлн теңгеге ұлғайтады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, биыл және одан кейінгі жылдары экономикалық өсім қарқынын ұлғайту үшін Үкімет экономиканың нақты секторын қаржыландыруды едәуір ұлғайтады.

«Атап айтқанда, Үкімет «Бәйтерек» холдингінің капиталын 2025 жылы 1 трлн теңгеге ұлғайтады. Бұл шара холдингке 8 трлн теңге сомасына жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл инвестициялар елімізде жаңа жобаларды құруға бағытталады. Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінің өндіріс қуаты ұлғайып, өнімділігі жоғары жаңа жұмыс орындары құрылады», - деді Жұманғарин Үкімет отырысында.

Бизнесті қолдау үшін «Бәйтерек» тарапынан қаржыландыру көлемін ұлғайтумен қатар, қаржыландырудың жаңа құралдары енгізіледі.

«Бизнес үшін кредиттерге кепілдік беру елімізде де, басқа елдерде де тиімді практика ретінде танылды. Сондықтан 2 кепілдік беру қоры құрылады. Олардың бірі шағын және орта бизнеске кепілдік береді. Шағын және орта бизнес үшін кредиттерге кепілдік беру және пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау көлемі ұлғаяды. Биылдың өзінде 1,7 трлн теңгеге 30 мыңға жуық шағын және орта бизнес жобасына қолдау көрсетіледі», - деді министр.

Сонымен қатар ірі бизнестің кредиттеріне кепілдік беру үшін жаңа қор құрылады. Ірі бизнеске арналған кепілдік беру қоры ірі және стратегиялық маңызды жобаларды кепілмен қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Бұл ірі бизнес санының көбеюіне әсер етеді, деп атап өтті Жұманғарин.

Серіктес жаңалықтары