26.02.2025, 09:43
Үкімет
Цифрландыру арқылы артық мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту қажет – Бектенов
Ол шығынды да қысқарту жайлы айтты
Фото: Ақорда
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында цифрландыру арқылы қысқарту жұмыстарын жүргізу керек екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отырыста әділет министрі Ерлан Сәрсембаев саладағы цифрландыру жайлы баяндама жасады.
Бектенов министр атаған тәсілдерді қолдайтынын айтты.
«Сіз атап өткен жаңа тәсілдерді толық қолдаймын. Цифрландыру арқылы артық шығындарды, артық құрылымдарды, артық адамдарды қысқару керек. Нәтижесінде жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барлық мемлекеттік органға тиесілі», - деді премьер-министр.
Көп оқылған
03.07.2026, 14:48
СҚО-да еңгезердей еркек 13 жасар қыз баланы қинап ұстап, зорлаған
03.07.2026, 13:11
Атырау облысында республикалық тасжолға ТЖМ ұшағы қонды (ВИДЕО)