$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.05.2020, 14:15
Үкімет

Rixos Aktau кешенінде 3 күн демалу 256 мың теңге тұрады

Министрлік қымбатшылық себебін түсіндірді 

Rixos Aktau кешенінде 3 күн демалу 256 мың теңге тұрады
фото: ktms.travel

ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков жаңадан ашылған Rixos Aktau қонақүй кешенінде демалу құнына байланысты пікір білдірді. Кешен 1 шілдеден бастап туристерді қабылдайды, билеттер сатылымы басталып та кеткен.

«Ол кешенге турлар 256 мың теңгеден сатылып жатыр. Бұл бағаға екі түн, үш күн сол жақта болу және әуе билеттері кіреді. Саяхаттың қысқа мерзімге жоспарлануына байланысты тур бағасының 40%-ы әуе билетіне есептелген. Бұдан бөлек, all-inclusive жүйесі арқылы тамақпен қамтамасыз ету бар. Егер демалысты жеті күнге алсаңыз, шетелдік турлардан арзан түседі. Мысалы, Түркия, Египетке бару Rixos Aktau кешеніне барудан едәуір қымбат. Қонақүй жаңа болғандықтан, болашақта баға саясаты қайта қаралады деп ойлаймын», - деп түсіндірді комитет басшысы.

Rixos Aktau кешені Ақтау қаласынан 19 шақырым, теңіз портынан 12 шақырым қашықта орналасқан.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары