$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.05.2020, 13:19
Үкімет

«Самұрық-Энерго» биылғы шығынын 18,5 млрд теңгеге қысқартады

Компанияның өндірістік қызметіне тікелей әсер етпейтін шығыстарды қысқарады

«Самұрық-Энерго» биылғы шығынын 18,5 млрд теңгеге қысқартады
фото: Батыржан Беспаев

«Самұрық-Энерго» 2020 жылғы шығыстарынн 18,5 млрд теңгеге қысқартады. Шығындарды қысқарту «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің тапсырмаларын орындау аясында іске асырылып жатыр. Наурыз айында Қордың топ-менеджменті мен портфельдік компания басшылары қазіргі халықаралық жағдайды ескере отырып, болуы ықтимал тәуекелдерді талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазынаның» құрамына кіретін компаниялардың алдына ауқымды міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілген болатын. Қысқартуға ұшырайтыны - компанияның өндірістік қызметіне тікелей әсер етпейтін шығыстар.

Осы ретте «Самұрық-Энерго» компаниясы шығыстарын қайта есептеп, 15,8 млрд теңге, немесе инвестициялық шығыстардың 13%-ын оңтайландыратын болды.

  • Инвестициялық жобалар, сомасы 9,3 млрд теңге;
  • Өндірістік активтерді жұмыс бабында ұстауға кететін шығыстар  (2,3 млрд теңге), әкімшілік активтерді ұстауға кететін шығыстар (36 млн теңге);
  • Өзге де күрделі шығыстар 4,2 млрд теңге мөлшерінде.

Бүгінде корпоративтік орталық қызметкерлерінің 30%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшкен.

Серіктес жаңалықтары