ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 272 адамнан коронавирус анықталды

«Доллар емес, теңге». Сергей Терещенко оқырмандардан кешірім сұрады

Экс-премьер тікелей эфирде валюта атауын шатастырғаны үшін өкінген

Фото: ашық дереккөзден

Айта кетейік, кеше, 21 мамыр күні Қазақстан Баспасөз клубының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөнінде онлайн-брифинг өтті.

Тікелей эфирде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі кеңесшісі Ербол Есенеев, «Shopanata» ұлттық қой шаруашылығы қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев және Қазақстанның алғашқы премьер-министрі, қазір омарташылар одағының төрағасы болып отырған Сергей Терещенколар пікір білдірген еді.

Сергей Терещенко өз сөзінде «төтенше жағдай кезінде бұзылып кеткен 300 мың тонна қырыққабатты көму үшін Үкімет 2 млрд доллар жұмсады» деген мәлімдеме жасаған еді. Azattyq Rýhy тілшісі экс-премьердің мәлімдемесіне қатысты материал әзірлеп, оқырманға ақпарат ұсынған болатын.

Бүгін Қазақстанның баспасөз клубы Сергей Терещенконың атынан кешірім сұрап, спикер тікелей эфирде жаңылысқанын айтты.

«Сіздерге өтінішіміз бар. Әңгіме барысында Сергей Александрович «Үкімет 2 млрд АҚШ долларын бөлді» деген сөзінен жаңылысып кетті, ол «доллар» емес, «теңге» деп айтқысы келген. Ол байқаусызда тыңдаушыларын шатастырғаны үшін кешірім сұрап, біз эфир ұйымдастырушылары болғандықтан аталған валюта бойынша барлық мәліметтерді түзетуге көмектесуімізді өтінді», - делінген баспаөз клубының өтініш хатында.

Баспасөз клубының өтініші бойынша Azattyq Rýhy ақпараттық агенттігінде жарияланған материалға өзгеріс енгізілді.

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады