$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.05.2020, 10:54
Үкімет

Әділет вице-министрі Наталья Пан қазақша баяндама жасағаны үшін сенаторлардың алғысын алды

Наталья Пан Сенатқа екі бірдей заң жобасын таныстырды

Әділет вице-министрі Наталья Пан қазақша баяндама жасағаны үшін сенаторлардың алғысын алды

ҚР Әділет министрінің міндетін атқарушы Наталья Пан Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» және «Саяси партиялар туралы» Заң жобаларын Сенат депутаттарына таныстырды.

Наталья Пан 6 минуттық баяндамасын толық қазақ тілінде жасап, жаңа заң бойынша енді саяси партияны тіркеу үшін оның мүшесі 40 мың емес, 20 мың болса жететінін, сонымен бірге әйелдер мен жастарға 30%-дық квота қарастырылғанын жеткізді.

«Осы заңнамалық бастамалар әйелдер мен жастарды қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуға, сондай-ақ көппартиялы жүйені одан әрі қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді», - деді ол Н.Пан Сенатта.

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев «Рақмет, мемлекеттік тілде жақсы баяндама жасадыңыз» деп пікір білдірді. Депутат Дана Нұржігітова да ризашылығын жасырмады.

«Расында да Наталья Виссарионовна қазақ тіліне деген құрметіңізді көріп, көңіліміз толып отыр. Көп рақмет сізге», - деп пікір қосты ол.

Алайда, депутат Еділ Мамытбеков сенаторлардың сауалына қазақша қиналмай жауап беріп жатқан вице-министрге өз сұрағын жолдап, оған орысша жауап беруді құп көрді.

Сенаторлар Заң жобаларын бірауыздан қолдады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары