«Қызметкерлерді қысқартқан жоқпыз»: Ахметжан Есімов Елбасыға есеп берді

Автор: Azattyq Rýhy

Жұмысшылардың жалақысы да кешіктірілген жоқ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады деп жазады Elbasy.kz.

Кездесу барысында Қордың портфельдік компанияларының қазіргі экономикалық жағдайда үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«А.Есімовтің мәліметі бойынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының барлық кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Қордың алдын ала қарастырылған қаржылық резервтерінің арқасында өндіріс қызметкерлерінің қысқаруына және жалақы төлеудің кешіктірілуіне жол берілген жоқ», - делінген аталған хабарламада.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, аудит қорытындысы бойынша бюджетке төленетін төлемдер алдыңғы жылдармен салыстырғанда 52 пайызға артып, 1,1 трлн теңгеден асқан.