Елімізде қазір 18 мыңнан астам IT-компания бар
Қазақстанда ІТ-мамандардың орташа айлық жалақысы 54 пайызға өскен. Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министр биыл Қазақстанның IT-саласы қарқынды өскенін атап өтті.
«IT-компаниялардың саны 18 мыңнан асты. Соңғы үш жылда 16%-ға артып отыр. Осы кезеңде IT-мамандардың орташа айлық жалақысы 54%-ға ұлғайған. Ол 673 мың теңгеге жетті. Бұл білікті кадрларға деген жоғары сұраныс пен бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын көрсетеді», - деді Мәдиев.
Оның айтуынша, ІT саласында жұмыспен қамтылғандар саны да 12%-ға өсіп, 187 мың адамды құраған.