Ол қазір бірқатар іс-шара әлімжеттікті жоюға бағыытталғанын айтты
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы күштері бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов әскердегі әлімжеттікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әскерге шақырту келген кезде міндетті түрде военкоматқа келуі керек. Ол келмесе, ескерту жасалады. Одан кейін келмесе, әрине, айыппұл салынады. Ал әскерде болып жатқан келеңсіз жағдайларды біздің офицерлер мен командирлер қолдамайды. Тәртіп сақталуы керек. Бірақ ерлер арасында түрлі мәселелер болып жатады. Олар үнемі бірге болғандықтан, ұжымда түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Бірақ әскердегі әлімжеттікті жою үшін қызметкерлер түрлі іс-шараларды өткізіп жатыр», - дейді Қамалетдинов.
Оның айтуынша, жеке құраммен арнайы іс-шаралар жүзеге асырылады.
«Әскери қызметтегілердің ата-аналарымен де жұмыс жүргізіледі. Борышын өтеп жатқандардың тұратын орындарында камералар да орнатылған. Сондықтан бұл тұрғыда министрлік ештеңе істеп жатқан жоқ деп асылық айтудың қажеті жоқ», - дейді Сұлтан Қамалетдинов.