24.09.2024, 12:40
Үкімет
Су тасқынынан шамамен 300 млрд теңге шығын келді - Бозымбаев
Бюджеттен 137 мрлд теңге жұмсалған
Фото: Ақорда
Көктемгі су тасқынынан алдын ала деректер бойынша, шамамен 300 млрд теңге шығын келген. Бұл туралы үкіметтегі брифинг кезінде премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұдан бұрын шенеунік инфрақұрылымға келген зиян шамамен 53 млрд теңгеге тең екенін айтқан
«Алдын ала есептеулерге сүйенсек, су тасқынынан келген шығын 300 млрд теңгеден асады. Бұл нақты сан емес. Әлі бөгеттер, жолдар, құбырлар қалпына келіп жатыр. Содан кейін нақты есепті береміз», - деді ол.
Қанат Бозымбаев көктемгі су тақынынан келген шығынды жыл соңына дейін есептеп бітіреміз дейді. Оның сөзінше, мемлекеттік бюджеттен үй салуға 137 млрд теңге жұмсалған.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 09:39
«Бүгінге дейін 20 үй алатын ақшам болған шығар»: танымал актер мүшкіл жағдайын еске түсіріп, жылап қалған (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды