Скляр оңтүстіктегі бензиннің «қара нарығымен» қалай күреспек

Azattyq Rýhy

Бүгін ол үкіметте ішкі нарықтағы жанармай көлеміне қатысты кеңес өткізді

Скляр оңтүстіктегі бензиннің «қара нарығымен» қалай күреспек
Фото: үкімет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкіметте ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамту мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің ақпаратына сүйенсек, қазір оңтүстік өңірлерде АИ-92, АИ-95 маркалы бензин мен дизель сатып алатындар күрт көбейіп кеткен.

«Бұның себебі – көрші елдермен салыстырғанда Қазақстанда бензин арзан, сондықтан, ол сыртқа кетеді. Сонымен қатар, осы елдерге бензин заңсыз экспортталады», - деп хабарлайды үкімет.

Тіпті, дереккөзге сүйенсек, шекарада Қазақстанның бензині басқа тауар сияқты экспортталған фактілер тіркелген екен.

«Сондықтан, ішкі нарықта тапшылық туындамау үшін қаржы мониторинг агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, қорғаныс министрлігіне және өзге де мүдделі органдарға шекарадағы бақылауды күшейту міндеті жүктелді», - деп хабарлайды үкімет.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.