Қазақстанда бүкіл қала 2025 жылдың соңына таман 5G желісіне қосылады - Бектенов
Ол шетелдік елдерді еліміздің цифрлық шешімдерін қолдауға шақырды
Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясын ашқан премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің цифрлық дамуы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Азия-Тынық мұхиты елдерімен ынтымақтастық аясында экология, табиғи ресурстар мен инвестициялар саласын қамти отырып, жұмыс істейміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технологиялар денсаулық сақтау, бизнес пен білім беру саласына айтарлықтай оң әсерін беріп жатқанын айтты. Сондықтан біз осы саланы белсенді дамытып жатырмыз. Бүгінде Қазақстан 30 цифрланған елдің бірі және онлайн қызмет көрсететін 8 елдің біріне жатады. Мемлекеттік қызметтің 90 пайызын мобильдік қосымша арқылы алуға болады. 2025 жылдың соңына таман 5G желісі барлық қала мен өңірлік орталықтарнды қамтиды», - дейді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, 2029 жылдың соңына таман экожүйе құрылады.
«Электрондық құрылғы жасау үшін біз жасанды интелектіні қолданамыз. Кеше президент Жолдауында ЖИ бойынша ұлттық орталық құрылатынын айтты. Бұл орталық тиімді шешімдер үшін негізгі рөл атқармақ. Қазақстан «Жібек жолы» аясында көрші елдермен бірге Каспий теңізінің түбінде талшықты желіні әзірлеп жатырмыз. Бұл қазіргі заманға сай инфрақұрылым мен мәліметтерді өңдеуге мүмкіндік беріп, ірі компанияларды елімізге тартады», - дейді Олжас Бектенов.
Премьердің айтуынша, Қазақстан жаңа идеялар мен жобаларға әркез ашық ел.
«Цифрлық даму негізгі қозғаушы күштің біріне жатады. Біз онсыз ешбір мақсатқа жете алмаймыз. Біз тәжірибе мен білім алмасуға ашықпыз. Цифрлық шешімдер орталықтарын өңірлерде ашуды қолдауға шақырамыз», - деді ол.