Бензинді сыртқа шығаруға салынған тыйым ұзарды

Автор: Молдатай Сымбат

Бұл туралы үкіметтің ресми сайты хабарлады

Фото: istockphoto.com

Қазақстан аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.

ВАК отырысында бірқатар тауарға экспорттық кедендік баж салығын енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды. Шикiзат тауарларын iшкi қайта өңдеудi ұлғайту және отандық кәсiпорындарды бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайтатын шикiзатпен жүктеу мақсатында Қаржы министрлігi белгiлi бiр шикiзат тауарларына ЭСА белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгiздi.

Талқылау қорытындысы бойынша қаржы министрлігінің ұсыныстарын салалық мемлекеттік органдар «Атамекен» ҰКП және мүдделі қауымдастықтармен бірге жаңа салық кодексінің ережелерін ескере отырып пысықтайды деген шешім қабылданды.