Мемлекет басшысы Qarmet Креативті технологиялар орталығына барды

Автор: Молдатай Сымбат

Бұл – металлургтер қаласының белсенді әрі шығармашыл жастарының басын қосатын орын

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Qarmet Креативті технологиялар орталығына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президентке «Qarmet» акционерлік қоғамының профильдік емес активтерді басқару жөніндегі директоры Алмас Сиранов Орталықта роботты техника, автомоделдеу, ұшқышсыз басқарылатын дрондар секциялары, бағдарламалау, блогерлер, журналистика, документалистика мектептері, подкаст студиясы және басқа да шығармашылық бағыттағы үйірмелер ашылғанын жеткізді. Оның айтуынша, Орталық тек металлургиялық комбинаттың ғана емес, Теміртау қаласының көрнекті нысанына айналады. Мұнда жастар кәсіби бағдар алып, өздерінің инженерлік дағдыларын шыңдайды.

Президент кәсіпорын жұмысшыларымен және ардагерлерімен, сондай-ақ кәсіподақ өкілдерімен әңгімелесу барысында еңбек адамы ең жоғары құрметке лайық екенін атап өтті. Бұл ретте мемлекет тарапынан олардың әл-ауқатын жақсарту үшін барлық жағдай жасалып жатқанын жеткізді.