$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысын қабылдады

Жыл басынан бері уран өндіру көлемі шамамен 11 мың тоннаға жеткен

Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысын қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мейіржан Юсупов компанияның 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы есеп берді. Оның айтуынша, жыл басынан бері уран өндіру көлемі шамамен 11 мың тоннаға жеткен және өнімді сату көрсеткіші 8 мың тоннаға жуықтаған.

Еліміздің минералды-шикізат базасын нығайту және толықтыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ ұлттық компанияның геологиялық барлау активтерінің портфелін одан әрі кеңейту жоспары туралы баяндады.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысы мекеме өңірлерді әлеуметтік тұрғыдан дамытуға 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлгенін жеткізді. Осы орайда су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға да көмек берілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау және ресурстық базаны толықтырудың маңызды екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары