Дәрі-дәрмек өндірісі артты, бірақ баға төмендемейді

Автор: Молдатай Сымбат

Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 95 миллиард теңгеге жетті

Фото: depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 95 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

35 өндіруші орынмен ұзақ мерзімді 94 келісімшарт жасалды.

«Жылдың соңына дейін өзге 24 отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттардың жасалуы арқылы 1 412 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жеткізілуі қарастырылуда. Дәрілік заттарды сатып алу кезінде отандық өндірушілер үшін преференциялар белсенді пайдаланылады. Мәселен, осы тетікті пайдалана отырып, биылғы алты айда 29,5 млрд теңгеге 196 дәрі-дәрмек түрлері жеткізілді», - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, ең көп таралған ауруларды емдеуге арналған басым дәрі-дәрмектер тізімі жасалды. 283 дәрілік зат іріктеліп алынды, осы тізімдегі 107 дәрілік заттар Қазақстан аумағында өндіріледі. 

Жыл басынан бері дәрі-дәрмектің бағасы 12 пайызға қымбаттаған